Accessibility links

Ливан армиясы қақтығыстан кейін Бейрут пен Триполилге бақылауды алды


Бүгін Бейрутта Хезболла жауынгерлері көшеден кетірілген соң тыныштық орнады. Ливан армиясы бақылауды өздері алды. Сондай-ақ, өткен түнде үкіметтік жасақ пен Триполи аймағындағы қарсыластар арасында болған қақтығыстан соң бұл жерге де ливандық күштер бекініп алды. Бүгін мысыр астанасында Ливан мәселесіне қатысты араб елдері лигасының төтенше жиыны өтіп жатыр. Хизболла қолдаушылар мен үкіметтік күштер арасындағы қақтығыстан соңғы 4 күнде кемінде 40 адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG