Accessibility links

Көмек көрсетуші топтар Мьянмадағы 1,5 млн адамның өміріне қауіп төніп тұрғанын ескертті


Британиялық көмек көрсетуші топтар Мьянманда 1,5 млн адамға ауыз су мен медициналық санитарлық көмек тезарада көрсетпесе өліп кетуі мүмкін деп ескертіп жатыр. Бұл туралы Банкгогта халықаралық Оксфам тобының жетекшілері айтып отыр.

“Біз Мьянма елінде қоғамның жаппай денсаулығына үлкен қауіпті апат болайын деп тұрғанына қорқып отырмыз”,- дейді олар.

Халықаралық көмек көрсетуші топтар Мьянма үкіметін елдегі циклон апатынан зардап шеккен он мыңдаған адамға азық-түлік пен дәрі дәрмек жеткізу үшін елге кіруге рұхсат беруге шақырды. Кеше Мьянманың әскери үкіметі елде бір апта бұрын болған табиғат апатына қарамастан, жаңа конституция бойынша референдум өткізді. Халықаралық үндеулер ең алдымен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дауыс берулерді кейінге қалдыруға шақырған болатын. Референдум ондаған мың адамның өмірін әкеткен циклон болған аймақтан басқа елдің барлық жерінде өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG