Accessibility links

Араб елдерінің Лигасы Ливанға делдал болатын делегациясын жібереді


ҚАЙЫР: Араб елдері Лигасының сыртқы істер министрлері Ливандағы қақтығысты доғаруға шақырған мәлімдеме қабылдады. “Хезболлаһ” ұйымын ащы сынға алатын Мәлімдемеде саяси мақсат-мүддеге жету үшін қарулы күш қолданудан бас тарту керектігі атап көрсетілді. Араб мемлекеттерінің Лигасы, сонымен қатар, “Хезболлаһ” бастаған оппозиция мен батыстың қолдауына сүйенген билік басындағы коалицияның арасындағы жанжалдың саяси шешімін табуға делдал болу үшін Ливанға өз делегациясын жолдайды. Делегацияны Қатардың премьер-министрі Хамад бин Йассим Әт-Тани бастап барады.
XS
SM
MD
LG