Accessibility links

Украинаның ұлтшылдары Ресей флотының Қырымда қалуына қарсы


СЕВАСТОПОЛЬ: Кеше Севастополь қаласында Ресейдің әскери теңіз флотының Қырым түбегінде қалуына қарсы ереуіл өткізбек болған украиналық ұлтшылдардың белсенділері ұсталды. Ресейдің әскери теңіз күштері қолбасшысының көмекшісі Игорь Дыгало хабарлағандай, 10 шақты белсенді Қара теңіз флотының штабы жанында ереуілге жиналып, Қырымдағы орыс-казактары мен “ресейшіл” топтың өкілдері оларға бөгет жасамақ болғанда төбелес шығып, украиналық ұлтшылдардың 10-нан аса өкілін милиция ұстап алып кетті.
XS
SM
MD
LG