Accessibility links

Қазақстан Тәжікстандағы Рогун су-электр стансасының құрылысына атсалысуы мүмкін


ДУШАНБЕ: Тәжік президенті Э.Рахмонның Астанаға бүгін басталып, сейсенбі күні жалғасатын 2 күндік сапарының қорытындысы бойынша, Тәжікстандағы Рогун су-электр стансасының құрылысын аяқтау консорциумына Қазақстаның қосылуы туралы келісімге қол қойылуы мүмкін. Тәжікстанның энергетика және өнеркәсіп министрлігінен “Азия-плюс” агенттігіне хабарланғандай, екі жақ бұл мәселені әзірше әлі талқылау үстінде. Министрліктің мәліметі бойынша, оған қоса Тәжікстан мен Қазақстан президенттері Худжант пен Шымкент арасынан қуаты 500 кВ. болатын электр желісін тарту туралы келісімге келуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG