Accessibility links

Қырғыз үкіметі сәбилерге ВИЧ инфекциясын жұқтырған дәрігерлерді жазаға тартады


БІШКЕК: Қырғызстан үкіметі дәрігерлердің кінәсінен ВИЧ инфекциясын жұқтырған әрбір сәбиге 14 мың 600 АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлейді. Қырғыз президенті Қ.Бәкиев осындай жарлыққа қол қойды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Ош облысындағы емханада дәрігердің қарауынан өткен 72 сәби мен 16 анаға ВИЧ инфекциясының жұқтырылғаны анықталды. 14 медицина қызметкеріне салақтық істеді деген айып тағылды. Олардың ісі бойынша сот осы аптада басталуға тиіс.
XS
SM
MD
LG