Accessibility links

Қытайдағы жер сілкінісі құрбандарының саны 10 мыңнан асты


БЕЖИН: Қытайдың мемлекеттік “Синьхуа” агенттігі хабарлағандай, елдің оңтүстік-шығысындағы қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 10 мыңнан асып үлгерді. Қуаты 7.8 баллға жеткен жер сілкінісі кеше күндіз Сычуань провинциясын шайқап, мектептер мен фабрик-зауыттарды, кеңселер мен басқа да ғимараттарды қиратты. Қытай төрағасы Ху Цзиньтяо үкіметтен табиғи апаттың құрбандарын құтқару үшін барлық шараны қабылдауды талап етті. АҚШ пен Ресей және Еуропа Одағы Қытайға көңіл білдіріп, өздерінің көмектерін ұсынды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG