Accessibility links

Абу-Даби ханзадасы мен Индонезия сыртқы істер министрі Астанаға келеді


АСТАНА: Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың шақыруымен, мамырдың 14-і күні Абу-Даби әмірлігінің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммад бин Зайд Ән-Нахаян ресми сапармен Астанаға келуге тиіс. Кеше Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев хабарлағандай, оның барысында Абу-Даби ханзадасы республика басшылығымен екі елдің саясат, сауда және экономика, мәдениет пен т.б. салалардағы қарым-қатынасын дамыту мүмкіндіктерін талқылайды. Сонымен қатар мамырдың 14-16-сы аралығында Индонезияның сыртқы істер министрі Хассан Вираюда Астанада сапарда болып, қазақ әріптесі М.Тәжинмен келіссөз өткізеді және екі жақты бірқатар құжатқа қол қоюға тиіс.
XS
SM
MD
LG