Accessibility links

“Шаңырақ оқиғасы” үшін түрмеге жабылған Арон Атабек пен тағы 3 жігіт бостандыққа шығуы мүмкін


АЛМАТЫ: Алматының “Шаңырақ” ауданында 2006-ншы жылдың шілдесінде болған оқиғаға қатысты іс бойынша айыптаушы жақтың басты куәгерлері куә сөздерінен бас тартты. Ол туралы кеше “Шаңырақ” республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы әрі қоғамдық қорғаушы Асылбек Қожахметов хабарлады. Оның мәлімдеуінше, “Шаңырақтағы” жаппай тәртіпсіздік пен полиция қызметкерінің қазасы бойынша басты куәгерлер болған ағайынды Айбатыр және Бауыржан Ибраһимовтер өз сөздерінен бас тартты. Жоғарғы сотқа жазған арызында Айбатыр Арон Атабек пен Ерғанат Тараншиевтің, Құрманғазы Өтегенов пен Рүстем Тұяқовтың сотқа тартылуы туралы бар ақиқатты айтқысы келетінін хабарлады. Айбатырдың мәлімдеуінше, полицейлер өзін азаптап, осы 4 кісіні қасақана қаралайтын куәге қол қоюға мәжбүрлеген. Сот әлгі іс бойынша Арон Атабекті 18 жылға, Өтегеновті 16, Тараншиевті 15, ал Тұяқовты 14 жылға түрмеге кескен болатын.
XS
SM
MD
LG