Accessibility links

Сауд Арабиясы Ливанға байланысты Иранды сынады


Сауд Арабиясы Иранға Ливандағы жағдайға байланысты ескерту жасады. Сыртқы істер министрі Сауд әл Файсал Иранды Құрама Штаттар мен Сауд елінің қолдауындағы үкіметке қарсы төңкеріс жасаған Хизболлланы қолдады деп айыптады. Оның атап көрсетуінше, Иранның Хизболлаға қолдауы барлық араб елдері мен Техранның қарым-қатынастарына кері әсер етеді. Иран президенті Махмуд Ахмединежад Ливандағы жағдайға Иранның еш қатысы жоқ деген жауап қатып, шиитердің Хизболла тобы мен сүннитер жетекшілік ететін үкіметті қолдаушылар арасындағы қақтығысты айыптады.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG