Accessibility links

Адам құқықтарын қорғаушылар Қырғызстанды өзбек азаматтарын Ташкентке бермеуге шақырды


АҚШ-тағы “Human Rights Watch” ұйымы Қырғызстанды саяси баспана іздеген өзбек азаматын еліне қайтармауға шақырды. Адам құқын қорғаушы ұйымның айтуынша, қазір қырғыз түрмесінде отырған өзбекстандық Еркін Холиков өз елінде діни экстремизм бойынша айыпталып отыр, егер ол еліне жіберілсе өзбек түрмесінде азапталуы мүмкін. Бірқатар халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар, 2005 жылы Әндіжан көтерілісшілерін үкіметтік жасақ күшпен басып тастап, мыңдаған адам бұл жерден бас сауғалап қашып көрші Қырғызстанға барғаннан бері, қырғыз билігінің өзбек босқындарын еліне күшпен қайтарғанын айыптайды.
XS
SM
MD
LG