Accessibility links

Сербияның Еуропалық Одаққа жақын партиялары бірігіп, үкімет жасақтамақ


Сербиялық ақпарат бұлақтары хабарлап жатқандай, Сербияның демократиялық партиясы мен бұрынғы президент Слободан Милошевичтің социалистер партиясы жаңа үкіметті құрмақшы. Мұндай келісімге тараптар Еуро Одаққа қосылуды қолдайтын Сербия президенті, Демократиялық партия жетекшісі Борис Тадич пен соцалистер партиясының жетекшісі Ивица Дачич келіссөздерінен кейін келіп отыр. Ол келісім туралы қоғамға жексенбілік сайлау қортындысы ресми шыққаннан кейін жарияланатын болады деп екі жақтың ресмилері айтқан.
XS
SM
MD
LG