Accessibility links

Қытайдағы зілзала апатынан құрбан болғандар саны өсуде


Қытайдың Сычуань провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны өсіп жатыр. Құтқарушылар бүкіл елді мекендегі жермен-жексен болып құлаған үйлер астында қалғандарды іздеп жатыр. Циньхуа агентігінің хабарлауынша, қаза болғандар саны сағат сайын өсіп, қазір ол 15 мың болды, кейбір көрсеткіштерде ол 20 мыңнан асты. Елдегі ақпарат бұлақтары кішкентай қаланың өзінде кемінде 7700 адам құрбан болғанын айтуда. Зілзала болған аймақтағы тағы мыңдаған адам құлаған үйінді астында қалуы мүмкін делініп отыр. Мыңдаған адамның өмірін әкеткен 7,9 балл күшіндегі табиғат апаты Қытайда соңғы 30 жылдан асқанда болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG