Accessibility links

Шаңырақ ісі бойынша куәгерлер айтқандарынан бас тартып отыр


Осыдан екі жыл бұрын Алматы қаласының «Шаңырақ» ықшам ауданында полиция мен тұрғындар арасында болған қақтығыс бойынша басты куәлік жасаған ағайынды Айбатыр мен Бауыржан Ибрагимовтер соттағы өз айтқандарынан енді бас тартатындықтарын мәлімдеп отыр. Олар Қазақстанның бас прокуроры Рашид Түсіпбеков пен Қазақстанның Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмидің атына хат жолдап, «Шаңырақ» оқиғасы бойынша сотталған азаматтар жөнінде жалған айғақты полиция тергеушілерінің қысымымен беруге мәжбүр болғандарын жазыпты. Сол айғақтар арқылы сот үкімімен 4 адам 14, 15, 16 және 18 жылға бас бостандықтарынан айрылған болатын.
XS
SM
MD
LG