Accessibility links

Астанада аштық жариялаған үлескерлердің саны 15-ке жетті


Басында сегіз адам болып бастаған олардың қатары көбейіп, бүгін тағы 50 адам аштық жариялауға ниет білдірді. Астанада үй құрылысына ақшасын толық төлеп қойған үлескерлер бірнеше жыл бойы пәтерлерін ала алмағандықтарына наразылық танытып, аштық акциясын бастағанына бір апта болды. Аштық акциясына қатысушылардың денсаулықтары нашарлай бастаған, ал бұған биліктен еш жауап жоқ. Наразылық танытушылар егер өздеріне назар аудармаса, президент Назарбаевтың туған күні әрі көптеген шетелдік қонақтар шақырылған Астананың 10 жылдығында шеруге шығып күре жолдарды жабамыз деп отыр.
XS
SM
MD
LG