Accessibility links

Мьянмада циклонның соққысынан 1.6-дан 2.5 млн.-ға жуық жапа шегіп отыр


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ги Мун Мьянманың әскери хунтасын шетелдіктерді тропикалық “Наргис” циклонынан жапа шеккен елге жіберуге көндіру үшін өзінің қайырымдылық көмек бойынша үйлестірушісін жолдайтынын хабарлады. Оған дейін БҰҰ-ының гуманитарлық көмек бағдарламасының жетекшісі Джон Холмс 2-нші мамырдағы циклонның соғуынан 1.6-дан 2.5 млн.-ға жуық халықтың жапа шегіп отырғанын мәлімдеген болатын. Шетелдік көмекшілердің қайырымдылық көмегін халыққа үлестіріп беруіне рұқсат бермегені үшін Мьянманың әскери хунтасы халықаралық қысымға тап болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG