Accessibility links

С.Петербордың “Зенит” клубы – УЕФА Кубогінің жаңа иесі


МАНЧЕСТЕР: С.Петербордың “Зенит” командасы Шотландияның “Глазго рэйнджерс” клубынан басым түсіп, тұңғыш рет УЕФА Кубогіне ие болды. Кеше кешкісін Манчестердің қалалық стадионында өткен кездесудің 2-нші жартысында “Зениттің” ойыншылары Игорь Денисов пен Константин Зырьянов шотландтардың қақпасына жауапсыз 2 доп соғып, маңызды жеңіске жетті. “Газпром” газ компаниясына жататын “Зенит” – 2005-інші жылы УЕФА Кубогін жеңіп алған Мәскеудің Орталық армия клубы - “ЦСКА”-дан кейінгі Ресейдің екінші клубы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG