Accessibility links

Пәкістанның қарулы күштері өз жерін паналаған 12 содырдың көзін жойды


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның Ауғанстан шекарасына жақын аумағын зымырандармен атқылаудың нәтижесінде 10-нан көп содырдың көзі жойылды. Хабарға қарағанда, 2 зымыран Дамадола қышлағында жарылды. Жергілікті тұрғынның хабарлауынша, тәліптерді қолдайтын жергілікті тұрғындар жиналған үй қирады. Пәкістанның барлау қызметіндегі аты-жөнін атамаған ақпарат көзінің мәліметі бойынша, зымырандық соққының нәтижесінде 12 содырдың көзі жойылды. Тәліптердің өкілі зымырандық соққы берілгенін растады.
XS
SM
MD
LG