Accessibility links

АҚШ Иранға қауіпсіздік кепілдігін беретін ұсынысты “орынсыз” деп есептейді


ВАШИНГТОН: Уран шикізатын байытудан бас тартқан күнде Иранға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавровтың ұсынысын АҚШ қабылдамады. Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайэрмен кездесуінен кейін кеше С.Лавров халықаралық делдалдар тобының Иранға осындай ұсыныс жасағаны дұрыс болар еді деп мәлімдеді. Алайда мемлекеттік департаменттің өкілі Том Кейси АҚШ-тың ондай ұсынысты “орынды” деп есептемейтінін мәлімдеді. Дәл қазір АҚШ-тың Иранға қауіпсіздік кепілдігін беру мәселесін қарастырмайтынын Ақ үй де растады.
XS
SM
MD
LG