Accessibility links

Әзірбайжан соты сайлауды бақылайтын тәуелсіз Орталыққа тыйым салды


БАКУ: Кеше Әзірбайжан соты кезекті президент сайлауын бақылайтын ұйымға тыйым салды. Алдыңғы президент сайлауын өткір сынға алған Сайлауды бақылау Орталығы – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен жұмыс атқарып келді. Орталықты басқаратын Анар Мамедлидің атап көрсетуінше, Орталықты тіркемеу үшін “кейбір ресми құжаттың дұрыс болмауы” сылтау болды. Мамедли соттың шешімінде “саяси астар бар” деп санап, адамның құқы бойынша Еуропаның сотына шағымдануды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG