Accessibility links

Америка Ливанның қарулы күштеріне шұғыл әскери көмек көрсетеді


ВАШИНГТОН: АҚШ Ливан үкіметінің қарулы күштеріне алдын-ала келісілген шұғыл әскери көмегін көрсетпекші. Алайда мемлекеттік департаменттің өкілі Том Кейси басқа ешқандай қосымша мәлімет бермеді. Қазір Ливанда оның “батысшыл” үкіметі мен Сирияның және Иранның қолдауына сүйенген оппозициядағы “Хезболлаһ” ұйымының арасындағы жанжалды үйлестіру үшін Араб елдері Лигасының делегациясы жүр. Ливандағы өткен аптада болған қақтығыстардың салдарынан 60-тан астам адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG