Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Фараһ өлкесінде жанкештілік жарылыстан кемінде 16 адам қаза тапты. Ауған ресмилерінің айтуынша, Дел Арам ауданындағы бұл жарылыс полиция бекетінің жанында болған. Оның салдарынан, сондай-ақ, шамамен 14 қарапайым азамат жарақат алды. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алған.