Accessibility links

Тәжікстан мен Ауғанстан ресмилері екі ел арасында жол салу мәселесін талқылады


Тәжікстанның көлік министрі Абдурахем Ашор бүгін Кабулда болып, Ауғанстанның солтүстік-шығыс аймақтарын Тәжікстан және Қытаймен байланыстыратын жол салу мәселесіне қатысты келіссөздер өткізді. Ашор Ауғанстанның көлік министрі Хамид Қадиримен кездесіп, осы ұсыныс туралы сөйлесті. Таяуда Қытай ресмилері де Ауғанстан өкілдерімен бірге екі ел арасында теміржол салу жобасын талқылаған болатын.
XS
SM
MD
LG