Әндіжан оқиғасына байланысты Өзбекстан үкіметін сынағаны үшін түрмеге жабылған Мотабар Тәжібаева ханым адам хұқтары бойынша беделді халықаралық сыйлыққа қол жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2008-ші жылғы Мартин Энналс сыйлығының иегері Тәжібаеваның денсаулық жағдайы нашарлап барады. Жыл сайын берілетін бұл сыйлық Amnesty International ұйымының бірінші бас хатшысы болған Британиялық адвокат Мартин Энналстың атына арналған. Осыдан 3 жыл бұрын болған Әндіжан оқиғасында үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атып, жүздеген адамды өлтірген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?