Accessibility links

Ливан үкіметі Хезболлаға қарсы шара қолданбады


Ливан үкіметі Хезболлаһ жауынгерлеріне қарсы жасалайын деп отырған екі шараны іске асырмады. Бұл қадам ұлттық бірлік мүддесі үшін жасалып отыр, дейді Ливан үкіметі. Тоқтатылған шаралардың арасында Хезболланың телефон байланыс желісін заңсыз деп танып, бұл топқа қатысы бар деп күдіктелген Бейрут әуежайының қауіпсіздік басшысын қызметінен босату мәселесі бар еді. Хезболлаһ жауынгерлері таяуда Бейрутта бірнеше күнге жалғасқан зорлық-зомбылық әрекеттеріне түрткі болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG