Accessibility links

Бүгін Грузияда парламенттік сайлаулар өтеді


Грузия халқы бүгін парламенттік сайлауларда дауыс береді. Жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, президент Михаил Саакашвилидің Біріккен Ұлттық Қозғалысы партиясы парламенттегі 150 орынның басым бөлігіне қол жеткізуі мүмкін. Оппозициялық партиялар билікті сайлау нәтижесін бұрмалауды жоспарлап отыр деп айыптап, жаппай наразылық шарасын өткіземіз деп ескертті. Кеше теледидардан жасаған ұлттық жолдауында Грузия президенті халықты ұлттық бірлікке шақырды. Саакашвили Ресей Грузияны әлсірету үшін сайлаудан кейінгі кез келген толқуларды өз мақсатында пайдалануы мүмкін деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG