Accessibility links

Ирақта АҚШ армиясына өзі берілген экс-министр өлім жазасына кесілуі мүмкін


БАҒДАД: Бүгін Ирақта С.Хуссеинің үстемдігі тұсында сыртқы істер министрі әрі вице-премьер болған Тарик Әзиздің үстінен сот үрдісі қайта жалғасады. Ол БҰҰ-ының санкциясы күшінде болған 1992-нші жылы күнделікті тұтыну тауарларының бағасын күрт өсіргені үшін 42 саудагерді дарға асуға бұйрық берді деп айыпталып отыр. Егер сот “айыпты” деп тапса, Т.Әзиз өлім жазасына кесіледі. Т.Әзиз – АҚШ армиясы Ираққа басып кірген 2003-інші жылдың наурызында тұтқынға өзі берілген болатын. Сот үрдісі 29-ыншы сәуірде басталмай жатып, кейінге ысырылды.
XS
SM
MD
LG