Accessibility links

Кремль ресми Тбилисиді халықаралық міндеттемелерін бұзды деп айыптайды


МӘСКЕУ: Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров Грузияны Абхазиямен және Оңтүстік Осетиямен арадағы жанжалын үйлестіруді көздеген халықаралық міндеттемелерді бұзды деп айыптады. Мемлекеттік думадағы үкімет сағатында сөйлеген сөзінде С.Лавров: “келісімге қарамастан, Грузия өз әскерін әлгі 2 республиканың шекарасына шоғырландырып, олардың әуе кеңістігінде барлау жүргізеді және шабуыл жасайтын қарулар сатып алуын жалғастырып отыр”, - деп мәлімдеді. Министрдің сөзіне қарағанда, Мәскеу Грузияның ешқандай бастапқы шартсыз Абхазия мен Оңтүстік Осетияға күш қолданбайтын міндеттеме алғанын тілейді.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG