Accessibility links

Ш.Айтматов Германияның ауруханасында ауыр халде жатыр


БЕРЛИН: Бүгін Германиядағы Қырғыз елшілігі хабарлағандай, Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматов Германияның маңдайалды емханаларының бірінде жатыр. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, дәл қазір жазушының халі тұрақты көрінеді. Оның денсаулық жағдайын ең тәжірибелі деген неміс дәрігерлері қадағалап отыр. 79-жастағы Ш.Айтматов - өзінің атақты шығармасы бойынша деректі фильм түсіру үшін Қазанда жүрген кезінде ауруханаға түсіп, одан Германияның жетекші емханасына жеткізілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG