Accessibility links

Мьянмада аза тұту күндері өтіп жатыр


Мьянма билігі шетелдік медицина қызметкерлерінің көршілес мемлекеттерден Мьянмаға барып, циклоннан зардап шеккендерге көмектесулеріне рұқсат беруге келісті. Бұл туралы бүгін Оңтүстік-шығыс Азия елдері қауымдастығының жиынында Сингапур ресмилері хабарлады. Осыдан екі аптадан астам уақыт бұрын болған табиғи апат салдарынан 2.5 миллионға жуық адам зардап шекті. Оларға жәрдем беру үшін жіберілген халықаралық көмекке бөгет жасағаны үшін Мьянма билігі сынға алынды. Мьянмада аза тұту күндері жарияланды.
XS
SM
MD
LG