Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдардан 6 адам қаза тапты


Жексенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі полиция бекетінің жанында бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Оның салдарынан 4 қарапайым азамат қаза тауып, 8 кісі жарақат алды. Хелманд өлкесінің полиция басшысы Мохаммад Хуссейн Андиуалдың айтуынша, талибандық деп күдіктелген әлгі жанкештінің шабуылы Муса Қаладағы ауданның полиция басшысына бағытталған болуы мүмкін. Сонымен қатар, кеше Забул өлкесінде орын алған жарылыстан 2 адам құрбан болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG