Accessibility links

БҰҰ бас-хатшысы осы аптада Мьянмаға барады


БҰҰ бас-хатшысы Пан Ги-мун осы аптада Мьянмаға барады. Сапар барысында ол Мьянма басшыларымен кездесіп, мамырдың 2-і күнгі циклоннан зардап шеккендерге қажет болған көмекті қалай тездестіруге болатындығын талқыламақ. Пан Ги-мун Мьянмаға сәрсенбі немесе бейсенбі күні келеді деп күтілуде. Үкіметтің мәлімдеуінше, циклон салдарынан шамамен 78 мың адам қаза тауып, 56 мың адам табылмай отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG