Accessibility links

Путин Медведевсіз ішкі кабинет құрды


Ресей премьер министрі Владимир Путин апта сайын кездесіп отыратын басты министрлерден ішкі кабинет құрды. Мұндай жаңа үлгіні қалыптастыруды Путин президент ретінде қолданып келген. Бейсенбі күні Путин осындай жаңа формат үкіметті көбірек нәтижелі етеді деген. Путиннің ішкі құрамына оның екі бірдей бірінші орынбасарлары, бес орынбасары және жеті министр, соның ішінде Ресей Конституциясы бойынша тікелей президентке есеп беруі тиіс сыртқы істер және қорғаныс министрлері де бар. Путиннің жақын одақтасы, президент Дмитрий Медведев бұл премьер министрдің ішкі одағының отырысына қатысуды өзі таңдайды. Бірақ, Путиннің өкілі Дмитрий Песков, Медведев олай істей қоймайды деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG