Accessibility links

Белорус АҚШ-тың жаға санкциясын сынады


Белорус үкіметі АҚШ-тың жаңадан енгізген санкциясын қатты сынап, оның салдарын қарапайым адамдар тартады деді. Буш әкімшілігі бейсенбі күні Белорусияның мұнай және химиялық мемлекеттік “Белнефтхим” компаниясымен байланыстағы үш фирмаға қаржылай санкция енгізген болатын. АҚШ-тың Қазына департаменті Құрама Штаттардағы белорусиялық мұнай сатушы компаниясымен қатар, “Лакокраска”, “Полотск Стекловолокно” акционерлік қоғамдарының мүліктерін жауып тастауға нұсқау берген. Және американдықтардың да олармен іскерлікке баруына тыйым салынып отыр. Америка Құрама Штаттары Белорусияның өктемшіл билік жетекшісі Александр Лукашенконы қатты сынаушылардың бірі.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG