Accessibility links

Астанада тәуелсіз басылымның меншік иесі қамауға алынды


Астанада жарыққа шығатын «Антикоррупционный вестник» басылымының иесі Тоқберген Әбиев қамауға алынды. Қазақстанның қаржы полициясы таратқан ақпаратта, ол сыбайласқан жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкеріне 1600 АҚШ доллары және 50 000 теңге көлемінде пара бермек болған деп айтылған. Қазір оның үстінен қылмыстық кодекстің 312-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланып отыр. Ал, Қазақстандағы Әділ сөз қоғамдық қоры Тоқберген Әбиев бұрынғы «Закон и правосудие» газеті құқық органдары мен сот жүйесіне қатысты сыни мақалаларымен танылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG