Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан үкіметін “Азаттық радиосының” вебсайтын қалпына келтіруге шақырды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан үкіметін “Азат Еуропа / Азаттық радиосының” қазақ тіліндегі вебсайтын қалпына келтіруге шақырды. Бұл жөнінде аталған ұйымның баспасөз бостандығы бойынша өкілі Миклош Харазцидің хатында айтылған. Сәуірдің 11-нен бері, Азаттықтың интернеттегі azattyq.org деген парақшасына бөгет жасалып жатқан сияқты. Қызметті қалпына келтіру мәселесіне орай “Азаттық” радиосының басшылығы Қазақстан үкіметі мен «Қазақтелекомға» бірнеше рет өтініш жасаған болатын. «Қазақтелеком» Орталық Азияда негізгі Интернет провайдері болғандықтан Қырғызстан мен Тәжікстан және Өзбекстан елдерінде де Азаттықтың веб-сайты ашылмай жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG