Accessibility links

Ресейден тыс Каспий мұнайына қол созған Еуропаның 30 елі Киевте жиналды


КИЕВ: Бүгін Киевте энергетика проблемасына арналған жиын басталды. Оның барысында Ресейді айналып өтетін Одесса-Броды мұнай құбырын Плоцк қаласына дейін жеткізу жобасы талданады. Форумның қарсаңында украин президенті В.Ющенко бұл жоба Еуропа Одағы Каспий мұнайымен қамтамасыз ету проблемасын шешуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Жиынға 30 елдің, оның ішінде Украина, Әзірбайжан, Грузия, Эстония, Латвия, Литва, Молдова, Польша және Румыния сынды 9 елдің президенттері қатысуға тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG