Accessibility links

Украинаның өте қауіпті “Краснолиманская” көмір кеніші тағы жарылды


ДОНЕЦК: Украина шенеуніктері хабарлағандай, бүгін Донецк облысының “Краснолиманская” көмір кенішінде болған жарылыстан, соңғы дерек бойынша, 4 кенші опат болып, жарылыстан кейін тағы 5 кеншіден хабар жоқ. Апат болған жерде тау құтқарушылары мен дәрігерлер көмек көрсету үстінде. Апат болған кезде 400-дей кенші 330 метр тереңде жер астында болған, 12 кенші жарылыс шаққан жерге жақын тұрған, 3 кенші жоғарыға өздері жол тауып шыққан. “Краснолиманская” көмір кеніші – жиі апат болып тұратын өте қауіпті шахталардың қатарында көрінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG