Accessibility links

Сербия Косовоны мойындаған тағы бір елдегі елшісін кейін шақырып алды


БЕЛГРАД: Бүгін Сербияның сыртқы істер министрлігі Чехияның Косово өлкесінің тәуелсіздік декларациясын мойындауына наразылық білдіріп, Прагадағы елшісін кейін шақыртып алғанын хабарлады. Косово - өзінің тәуелсіздігін ақпан айында жариялады. АҚШ пен Еуропа Одағына мүше елдердің жартысынан көбі сияқты Чехия үкіметі де осы аптада Косовоның бір жақты жариялаған тәуелсіздігін мойындады. Оған Ресей мен сербия түбегейлі қарсы болып келеді.
XS
SM
MD
LG