Accessibility links

Ирандағы автобус апатынан 21 адам қаза болды


Иранның батысында болған автобус апатынан 21 адам қаза тауып, 11 кісі жараланды. Бүгін ақпарат көздері хабарлағандай, жол апаты жұма күні түнде Хамеден мен Малайер қалаларының арасында болған. Онда автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп жүк көлігіне соғысқаны айтылып отыр. Иранның жолдары әлемдегі ең нашар жолдардың қатарында. Соңғы бес жылда 70 млн халқы бар Иранда жол апатынан 100 мың адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG