Accessibility links

Түркімен парламенті президенттік мерзімді 7 жылға созуға шақырды


Түркімен парламентінің спикері президенттік мерзімді 5 жылдан жеті жылға дейін ұзартуға шақырып отыр. Спикер Акджа Нұрбердиеваның айтуынша, ол мемлекет басшысының саясатын ұзақ мерзім жүргізуіне жол береді. Нұрбердиева бұл туралы жұма күні президент Гурбангулы Бердімұхмедовтың төрағалығымен конституцияға өзгеріс енгізуді талқылауға жиналған кездесуде мәлімдеді. Өз кезегінде Бердімұхмедов, қазір Халық мәслихатының құзырында тұрған заң шығарушы билікті парламент өзіне алғанын қалайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG