Accessibility links

В.Путин “Еуровижн” байқауының жеңімпазын құттықтады


Ресей президенті мен премьер министрі әлемдік әншілердің “Еуровижн” байқауында бірінші орынды жеңіп алған ресейлік белгілі әнші Дима Биланды құттықтады. Ресей премьер министрі Владимир Путин Биланның жеңісі Ресей үшін тағы бір “триумф” деп айтты. Финалға шыққан 24 әншіні басып озып, бірінші орынды жеңіп алған 26 жасар Дима Билан:

“Менің еңбегімді бағалағандарыңызға көп рахмет. Ең маңыздысы сенім деп білемін. Шынымды айтсам, мен бәрін жеңетініме сенгенмін”, - деген.

Ал, екінші орынды Украина әншісі, үшінші орынды Грекиядан келген әнші жеңіп алған. Белград қаласында тікелей әуе толқынында өткен бұл ән байқауын 100 млн адам тамашалады. Келесі жылы бұл байқау Ресейде өтетін болады. Премьер министр Владимир Путин бүгін бұл байқауды ұйымдастыру комиссиясын құру жөнінде қаулыға қол қойды.
XS
SM
MD
LG