Бүгін Ливан парламенті ел президентін сайлайды. Соңғы алты ай бойы орны бос тұрған қызметке генерал Мишель Сулейман келіп, елдің 11-ші президенті болмақ. АҚШ-тың қолдауындағы үкімет пен Хизболланы қолдаушы оппозиция өткен аптада Қатарда өткен ымыраға келу келіссөздерінде, Сулейманды президент ретінде сайлауға келіскен. Бұл келісімге 18 ай бойы тараптар келе алмай, оның соңы көше қақтығысы мен Хизболла жауынгерлерінің Бейрутты басып алып, кейін үкіметтік күштердің бақылауды қайта алуымен аяқталған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?