Accessibility links

Киев тұрғындары қалалық мәслихат пен қала мэрін сайлап жатыр


Бүгін Украина астанасы Киевте қала әкімі мен қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Қала басшылығының орны үшін 70 кандидат бәсекеге түсіп отыр. Оның ішінде басты бақталастық қазіргі қала мэрі Леонид Черноветский мен бокстан әлем чемпионы, егер қала мэрі болсам коррупцияны ауыздықтаймын деп уәде берген Виталий Кличко арасында жүріп жатыр. Және қалалық мәслихат сайлауына 30-дан аса партия мен саяси блок өкілдері қатысуда.
XS
SM
MD
LG