Accessibility links

Ливан президенті болып армия генералы Мишель Сулейман сайланды


Мишель Сулейманның сайлануы азаматтық соғыс қаупін тудырған саяси текетіреске тоқтау салады деген үміт әкеліп отыр. Ант беру рәсімінде сөйлеген Мишель Сулейман ұлттық татулыққа шақырды. Ол Америка Құрама Штаттары қолдап отырған Ливан үкіметін және “Хезболла” ұйымы басқаратын оппозицияны сабырлылыққа, келіссөзге шақырды. Үкімет пен оппозиция жақтаушыларының текетіресі мамыр айының басында көше қақтығыстарына ұласқан болатын. АҚШ президенті Джордж Буш Мишель Сулейманды Ливан президенттігіне сайлануымен құттықтады.
XS
SM
MD
LG