Accessibility links

Украина президенті мен премьерінің теке-тіресі президенттің жеңісімен аяқталуы мүмкін


КИЕВ: Өткен жексенбіде Киевте жаңа әкімнің сайлауы болып өтті. Дауыстардың 15 пайызға жуығы есептелгенде, бұрынғы әкім Леонид Черновицкийдің 33 пайыздай, оның қарсыластары Олександр Турчинов пен кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Виталий Кличконың әзірше 20 пайыздай дауыстан алғаны анықталды. Саясаттанушылардың атап көрсетуінше, Черновицкийдің жеңіске жетуі президент В.Ющенкоға қарсы өзінің өкілін ұсынған премьер-министр Ю.Тимошенкоға соққы болады. Ю.Тимошенко Черновицкийді “жемқор” деп айыптаған соң, Украина парламенті кезектен тыс сайлау өткізу туралы қаулы қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG