Accessibility links

БҰҰ Абхазияның әуесіндегі грузин ұшағын Ресей атып құлатты деп мәлімдейді


МӘСКЕУ: БҰҰ-ның бақылаушылары 20-сыншы мамыр күні Абхазияның әуесіндегі өзінің барлаушы ұшағын Ресейдің атып түсіргені туралы Грузияның уәжін растады. Швецияның сыртқы істер министрі Карл Бильдт мәлімдегендей, БҰҰ-ның баяндамасында Абхазияның әуесінде Грузияның адамсыз ұшатын барлаушы ұшағын нақ Ресейдің атып құлатқаны айтылады. Ресей ұшақты Абхазия атып түсірді деп, Грузияның әуе кеңістігін бұзғанын теріске шығарып келді. Бұл оқиға Грузия мен Ресейдің арасын суытып жіберді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG