Accessibility links

Грузия өзінің барлау аппаратына шабуыл жасаған Мәскеуден кешірім сұрауды талап етуде


Бүгін Грузия өткен айда өзінің барлаушы ұшағын атып түсіргені үшін Ресейдің ресми түрде кешірім сұрап, қажетті өтемақы төлеуін үзілді-кесілді талап етті. Грузия сыртқы істер министрлігінің бұл мәлімдемесі Еуропа одағының Мәскеуден бұл әрекетіне түсінік беруін сұраған соң айтылып отыр. БҰҰ-ның бақылаушы миссиясы Ресейдің әуе күштері Грузияның жікшіл аймағы Абхазияда ұшып жүрген грузиялық пилотсыз апаратты жерге атып түсірген деп таныды. Ал, Тбилисидегі Мәскеу елшісі Вячеслав Коваленко, БҰҰ-ның хабарына қатысты Ресейдің сезіктеніп отырғанын қайталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG