Accessibility links

Мыянмар оппозициясы басшысының үй қамауы одан ары ұзартылды


Халықаралық қауымдастық Мыянмар оппозициясының басшысы Аунг Сан Суу Кийдің үй қамауы мерзімінің одан ары ұзартылғанына алаңдаушылық танытты. Мыянмардың әскери үкіметі үй қамауын одан ары созуды бұйырды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун бұған өкініш білдірді. АҚШ президенті Джордж Буш Мыянмардың хунтасына қайырылып, барлық саяси тұтқындарды босатуға шақырды. Нобель сыйлығының лауреаты Аунг Сан Суу Кий өмірінің соңғы 18 жылын абақты мен үй қамауында өткізіп келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG