Accessibility links

Иран ядролық бағдарламасы жайында Батыс алаңдаушылығы ұлғайды


Америка Құрама Штаттары мен одақтастары Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасы Иран ядролық бағдарламасы жайында алаңдаушылықты ұлғайтты деп мәлімдеді. Халықаралық Атом Энергетика агенттігі Иран үкіметі күдікті болып отырған ядролық оқтұмсықтар өндірісіне қатысты мәліметті ашпады дейді. Ал енді Иранның Халықаралық Атом Энергетика агенттігіндегі елшісі Әли Асғар Солтани елдің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейді деген. АҚШ үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасы Иран ядролық қару өндірісіне ұмтылып отыр деген күдікті ұлғайтты дейді. Мұндай алаңдаушылықты Франция мен Германия да дереу танытты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG